«Школа-Гимназия и колледж КазГЮУ» ЖШС

 

«БЕКІТЕМІН»

Колледж директоры

_______В.Е. Жолдыбаева

«____»___________2021ж

 

 

Ақтөбе студенттер лигасы арасында  Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «БІЗ, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ЖАСТАРЫМЫЗ»  атты қалалық пікірсайыс турнирінің

ЕРЕЖЕСІ

 

МАҚСАТТАРЫ:

 

  • Жастар арасынан шешендік шеберлігі бар, өзінің көзқарасын, өз командасының мүддесін сауатты және нақты қорғай алатын жас көшбасшыларды іздеу және оларға қолдау көрсету:
  • Нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қалыптастыру, жастардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіру;
  • Ақтөбе қаласында жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту;
  • Жастар арасында ұлттық рухты кеңінен насихаттау;
  • Жастардың бойында патриоттық және азаматтық қасиеттерді дамыту, құқықтық ақпараттық сауаттылығын арттыру;

 

  • ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

 

2.1 «Школа-Гимназия и колледж КазГЮУ» ЖШС

 

  • ТУРНИРДІҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ МЕН ШАРТТАРЫ:

 

  • Ойындар қазақ лигасында американдық-парламенттік формат бойынша өткізіледі;
  • Турнирдың жалпы тақырыбы «Біз, Тәуелсіз елдің жастарымыз»
  • Турнир іріктеу айналымынан, қазақ лигасында ¼, жартылай финал және финалға бөлінеді.
  • Турнирдің тақырыптары
  • Б.П. Өтірік айта алмайтын әлем қазіргі әлемге қарағанда жақсырақ деп есептейді;
  • Б.П. Науқастар ауыр індетке шалдыққан кезде, дәрігерлер диагнозды жасырмау керек деп есептейді;.
  • Б.П. Заңның қатаңдалуы қоғамға қажет деп есептейді.
  • Б.П. Қазақстан жастарын онлайн деп есептейді;
  • Б.П.Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша тістерде жәбірленушіге арызды қайтарып алуға тыйым салады;
  • Б.П. Жеке меншік мектептерді жабады;
  • Б.П. Қазақстандағы басты проблеманы көрсетеді.
  • Б.П. Отбасылық жұптардың балалы болу мүмкіндігі белгілі бір экономикалық тұрақтылыққа жеткенге дейін шектелуі керек деп есептейді;
    • Төрешілер алқасының шешімі бойынша ойын лигасында жүлделі орындар және номинациялар беріледі:
  • 1 орын- 1 топ
  • ІІ орын-1 топ
  • ІІІ орын -1 топ
  • «Үздік спикер»- 1 адам
  • «Үздік төреші»- 1 адам
    • Турнир жеңімпаздары, үздік спикерлер мен үздік төрешілер және қатысқандар –«Школа-Гимназия и колледж КазГЮУ» дипломдарымен марапатталады.

 

  • ТУРНИРДІ ӨТКІЗУ РЕТІ:

 

  • Турнирдің өткізілетін орны, түрі: ««Школа-Гимназия и колледж КазГЮУ», кабинет,  зум  бағдарламасы  арқылы  өткізіледі.
  • Турнирдің өткізілетін күні-2021 жылдың 06 наурыз сағат 10.00

4.3 Қатысушылардың  зум  бағдарламасына    қосылу  уақыты: сағат   9.00 – 9.30  аралығы

  • ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУҒА ТАЛАП ЕТІЛЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР:

5.1 Қатысатын фракциялардың классикалық киім үлгісінің сақталуы

5.2 Өзін-өзі тәртіпті ұстауы