КОНЫСОВ АКЫЛБЕК ЖУМАТАЙУЛЫ

Лауазымы: директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

Ғылыми атағы: заң ғылымдарының магистрі

Телефон: 8747-487-21-77

E-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

 

 

Білімі

 

Конысов Акылбек Жуматайулы - 2015 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультетін үздік бітіріп, «құқықтану» мамандығы бойынша «құқық бакалавры» академиялық дәрежесіне ие болды.

 

2019 жылы Ақтөбе қаласындағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «құқықтану» мамандығы бойынша магистратура бағыты негізінде қосдипломдық білім беру бағдарламасына оқуға түседі.

 

2020 жылы қосдипломдық білім беру бағдарламасы аясында Я.Купалы атындағы Гродно мемлекеттік университетінің «прокурорлық қадағалау» мамандығы  бойынша «Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару заңнамасын ізгілендіру жағдайында бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазасын өтеп жатқан адамдардың санын қысқартудың құқықтық проблемалары» тақырыбында магистрлік диссертация қорғап, «заң ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежесіне ие болды.

 

Еңбек жолы

 

2019 - 2020 жылдар аралығында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің Жоғары колледжінің арнайы пән оқытушысы болып жұмыс жасап, «арнайы пәндер» бірлестігінің төрағасы қызметтерін атқарды.

 

35-тен аса ғылыми мақалалар, 2 әдістемелік құрал (біреуі біріккен авторлықта) жариялады.

 

2020 жылдың қыркүйек айынан бастап, Қазақ Гуманитарлық Заң университетінің колледжінде директордың оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары болып табылады.