20 ақпан күні C.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының «Коворкинг» орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Әділетті тұлға боламын!» атты пікір алмасу сағаты өтті.

 

Шараға Зияткерлік меншік құқықтары бойынша бөлімінің басшысы Тимур Үбішов, «Волонтер 2020 Ақтөбе» еріктілер ұйымының жетекшісі Нұрбек Жалғасбаев; педагог-организатор, дебат координаторы Ромат Мұқашев және ҚазГЗУ колледжінің студенттері қатысты.

 

Шарада қатысушы жастар тақырыпқа сай өзекті мәселелерді талқылады.

 

Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықпен күресудің тиімді механизмі, жемқорлықтың елдің дамуына кедергі келтіретін негізгі факторы, халықтың құқықтық сауаттылығының деңгейі деген тақырыптарда өз ойларын ортаға салды.