Облыстық планетарийде 12 ақпан күні құқық түсіндіру жұмысын дамыту бойынша "Құқық- әділет пен парасат жолы" тақырыбында тақырыптық кездесу өтті.

 

Шараны өткізудегі мақсат: Құқықтық сауаттылықты қалыптастыруға және адамгершілік құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Құқық - мемлекеттің қуатты құралы екенін дәлелдеу.

 

Шараның құрметті қонағы: Ақтөбе облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Жумин Жақсылық Жанатұлы. Шараға ҚазГЗУ колледжінің студенттері қатысты. Кездесу барысында қонақ сөз алып оқушылармен сұхбат өткізді.