Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген Агенттік жанындағы республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада мен Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин облыс жастарымен кездесті. Шараға ҚазГЗУ колледжінің студенттері де қатысты. Кездесу барысында сөз сөйлеген штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада Штабтың құрылу мақсаты жөнінде ақпарат беріп, өскелең ұрпақты парасатты, адал әрі әділ болуға, қоғам арасында ежелден қалыптасқан құндылықтарды сақтауға шақырды. Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин өз кезегінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы алдын-алу шараларының маңыздылығы жөнінде баяндап, жастарды уақытты дұрыс жоспарлауға, адал білім алуға, бәсекеге қабілетті маман болуларына өзінің тілектестігін жеткізді.

Кездесу барысында жастар Штаб мүшелеріне алғыс білдіріп, өздерін қызықтырған сұрақтарына тиісті жауаптар алды.