«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр»

2020ж. 11 ақпан күні колледж кітапханашысы Ыбраш Г. мен «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні оқытушысы Бохайбаева Ж. ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр» әдеби- сазды кеші өтті.
Іс-шараның мақсаты-ақынның мол мұрасын насихаттау. Ақиық ақын, артына айрықша өшпейтін із қалдырған Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау. М.Мақатаевтың өлеңдері мен әндері арқылы оқушыларды әсемдікке, елжандылыққа тәрбиелей отырып, поэзия әлемінің сырын ашу.