2020ж. 10 ақпан күні «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанаты жаңа 2025 жылға дейінгі бағдарламаға барлық деңгейдегі жастардың ұсыныстары мен тілектерін тыңдау мақсатында студент жастармен кездесу өткізді. Кездесуде «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Асылжан Бүркіталин студенттермен ашық пікірлесіп, ұсыныстары мен тілектерін тыңдауға және оның орындалуы бойынша бірігіп күш салуға әзір екенін жеткізді.