10 қазанда "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Ақтөбе облысы филиалына ҚазГЗУ колледжінің белсенді студенттерін  өз қатарына қабылдау және аталған жұмыс жоспары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

"Қазақстан студенттерінің Альянсы" Қоғамдық бірлестігі туралы ақпарат беру. "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Ақтөбе облысы филиалымен таныстыру. Ақтөбе қаласындағы еріктілер қозғалысының жұмысы туралы насихаттау. "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Ақтөбе облысы филиалына белсенді студенттерді өз қатарына қабылдау туралы ақпарат беру.
Осы аталған жоспар бойынша түсіндіру жұмысын АСК көшбасшысы Төлеужан Ақылжан Өркенбайұлы түсіндіріп өтті.
Студенттер кездесу барысында келген қонағымызға көкейкесті сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын ала алды.