4- 14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы қыздардың құқығы мен ерекше проблемаларын тану белгісі ретінде жариялаған  Халықаралық қыздар Күніне арналған онкүндік аясында, колледж оқытушысы Смаилова Г. жатаханадағы қыздар арасында "Қыз болашағы- ел болашағы" атты тренинг өткізді.


Мақсаты: қыздардың білім алу, медициналық қызметті алу, кемсітушіліктен, зорлық- зомбылықтан, ерте және мәжбүрлі некеден қорғалу құқықтарын жүзеге асыру. .
Осы мерекемен барша нәзік жандыларды құттықтай отыра, жақсы көңіл күймен бақыт тілейміз!