10.09.2019ж. колледж жатаханасында арнайы пәндер оқытушысы Смаилова Г. қыздар арасында "Қыз тәрбиесі- қоғам тәрбиесі" тақырыбында тренинг өткізді.


Тренинг мақсаты қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани -адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу.