Тұңғыш Елбасы Н. Назарбаевтың жарлығымен бекітілген Қазақстанда отбасы күнін мерекелеу шеңберіндегі "Отбасы- бақыт мекені" атты республикалық апталық аясында колледж психологі Телағысова М. 106 топ студенттері арасында "Отбасым-байлығым" тақырыбында тренинг өткізді.

Мақсаты: студенттердің отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
Міндеті: ата- анамен бала арасында жақындық қалыптастыру, қарым- қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.