ҚазГЗУ колледжінде Ақтөбе облысының 150 жылдық мерей тойы аясында мектеп оқушылары арасында облыстық пікірсайыс турнирі өтті. Жарысқа 16 команда қатысты. 

 

Пікірсайыс барысында командалар өзара екіге бөлініп, жарысқа түсті. Жеребе тартылған соң, қатысушылар даттаушы және жақтаушы болып 8 жұпқа бөлінді, қоғамдағы бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, сөз жарыстырды.

 

Пікірсайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылған командалар финалда пікір таластырды. Пікірсайыста ең бастысы – өзіңнің ұстанған позицияңды дәлелдей білу. Ол үшін жан-жақты білім, терең оймен қатар, шешендік өнер де қажет. Мектеп жасынан бастап оқушыларды шаршы топта сөз сөйлеуге шынықтыратын пікірсайыс алаңы болашақта өз ойын ашық, еркін жеткізе алатын азаматтардың қалыптасуына үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Турнир қорытындысы бойынша, төмендегідей ақпарат береміз:

 

1-орын "Көне қала батырлары"

Ағыбай Олжас-62 ОМ

Сенбей Әлібек-62 ОМ

2-орын "Батыстың барыстары"

Байназаров Мақсат-36 ОМ

Асқар Рүстем-36 ОМ

3-орын "Зоомакс"

Серік Дильназ-6 ОМ

Баққожа Алихан- 24 ОМ

3-орын "Пантера"

Аққалиева Ақсана-62 ОМ

Фазылов Санжар-62 ОМ

Үздік спикер: Сисенғалм Айдана-55 ОМ

Үздік төреші: Бекниязов Нұрсұлтан-мед.колледж

Грант иегерлері: 

Жанқожа Алихан-24 ОМ

Аққалиева Ақсана-62 ОМ

Үздік спикер: Сисенғали Айдана-55 ЛМ, 50% грант иегері

 

Жүлдегерлер естелік сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды. 


Қалған қатысушылардың барлығына алғыс хаттар табысталды. Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.