Осы мерекеге орай, 14 наурыз күні колледжімізде "Наурыз-нұрлы жыл басы" атты көрісу күніне арналған мерекелік шара болып өтті.


Колледжіміздің мұғалімдері мен студенттерін жылы құшақпен және ыстық бауырсақпен қарсы алдық.


Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.


Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады.


Бір-біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. ⠀