1 Наурыз - Алғыс айту күніне орай 101 және 203 топтар "Үлкенге құрмет, кішіге ізет" атты жоспарланған Қарттар үйіндегі іс-шараның көрермені болды.

Мақсаты: Көпті көрген дана-гөй қарттарымыздың өнегелі өмірін үлгі ете отырып, ғибрат боларлық сөздерін бойларына сіңіріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет ете білетін инабатты, ақылды, ата – баба аманатына адал, ұлттық тәлім – тәрбиені бойына сіңірген, еңбекқор, кішіпейіл, мейірімді, төзімді, өнерлі тұлға тәрбиелеу.