18 ақпан күні ҚазГЗУ колледжінің студенттері арасында тазалық сақтаудың және нығайтудың мүмкіндіктері туралы рухани эстетикалық тәрбиені жетілдіру, студенттердің өз денсаулығы мен тазалығын сақтауға және зиянды заттарды пайдаланудан қашық болуға жауапкершілігін арттыру мақсатында жастар үйінде келесі номинациялар бойынша сайыс өтті:


- «Ең үздік бөлме»;


- «Ең таза бөлме»;


- «Ең жайлы бөлме».


Осы жарыс келесі критерийлер бойынша бағаланды:


- Бөлменің тазалығы;


- Бөлменің дүние-мүлігінің бұзылмаушылығы;


- Бөлменің интерьері;


- Техникалық-қауіпсіздіктің сақталуы;

 

- Студенттің тәртібі.


​ ​Студенттер бұл жарысқа жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысты. Осы сайыстың қорытындысы бойынша «Ең үздік бөлме» номинациясын иеленген 12 бөлме (Нургазиева Нурай, Ахмет Мөлдір) болса, «Ең таза бөлме» номинациясына 6 бөлме (Қанатбай Назерке, Мусиева Айнұр,) иеленді, ал «Ең жайлы бөлме» номинациясын 7 бөлме (Машат Ақниет, Ибрайымова Аружан, Айтжанова Гүлфарида) алды. Ал 1 бөлме (Сабит Рамазан, Алимбеков Алмас) және 2 бөлме(Измухан Нурлан, Өтегенұлы Нұрхан, Мыңбаев Дамир) студенттері қатысқаны үшін сыйлықтармен марапатталды.


Құттықтаймыз!