Жаңалықтар

2019 жылдың 18 қазан күні «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің қолдауымен «Қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет Үйі» КММ-нің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мүгедектер күніне орай Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Саңыраулыққа бағынба, оны өзіңе бағындыр» атты есту мүмкіндігі шектеулі жандар арасында ХV Аймақтық фестивалі өтті. 

Қазіргі таңда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты алдын алу шараларынан бастау алып, қоғам арасында парасаттылық қағидатының қалыптасуына ерекше назар аударады.

ҚазГЗУ колледж оқытушысы  Сұлтамұратов Бақытхан Аділбекұлы Ақтөбе облысы бойынша "Өрлеу" педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты ұйымдастырған "Педагогикалық идеялар панорамасы" атты конкурста 1 дәрежелі  дипломмен марапатталды және конкурстың республикалық деңгейіне жолдама алды.

Парасаттылық мектебінің негізгі мақсаты- жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың жаңа формациядағы жас өкілдерін дайындау.

10 қазанда "Қазақстан студенттерінің Альянсы" Ақтөбе облысы филиалына ҚазГЗУ колледжінің белсенді студенттерін  өз қатарына қабылдау және аталған жұмыс жоспары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

4- 14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы қыздардың құқығы мен ерекше проблемаларын тану белгісі ретінде жариялаған  Халықаралық қыздар Күніне арналған онкүндік аясында, колледж оқытушысы Смаилова Г. жатаханадағы қыздар арасында "Қыз болашағы- ел болашағы" атты тренинг өткізді.

Құрметті ұстаз қауымы!Сіздерді қазан айында аталып өтетін Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

КазГЗУ колледжі 105 топ студенті Жалғасбек Айгүлімді (жетекшісі Бохайбаева Ж.С.) "Aktobe Student Fest- 2019" cтуденттердің байқауында алған "Көркем сөз мәнерлеп оқу" номинациясы бойынша 1 дәрежелі орнымен құттықтаймыз!

19 қыркүйек күні "Құқықтану" мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне тәжірибе базасы өкілдерімен Республикалық сот орындаушылар палатасы президиумының мүшесі Егизбаев Азамат және Ақтөбе сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушысы Эбуов Талғат кездесу өткізді.