Учебно-методическая деятельность  
Информация для студентов
 
 Cпециальности  
Абитуриентам
 

Отзывы
Фото выпускников Фотогалерея  
Обратная связь
 

Құқықтық олимпиада өтті!!!

 

Өзара келісімнің кепілі болып отырған Ата Заңымыздың қабылданғанына биыл 20 жыл толады. Осыған орай Қазақ гуманитарлық заң университеті колледжінде Қазақстан Республикасының ата заңы мен құқық негіздері аясында терең білімі бар, кәсіптік деңгейі жоғары бүгінгі күннің білікті талабына сай маман дайындау мақсатында құқықтық олимпиада болып өтті.

 

4-5 ақпан күні өткен құқықтық олимпиадаға қала мектептерінен қырыққа жуықмектеп оқушылары қатысты. Құқықтық олимпиада 2 турдан тұрды 1-турда 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмасы болса оның ішінде 30 сұраққа дұрыс жауап берген оқушылар 2-турға өтті. .

 

Олимпиаданың 2- туры 5-ақпан күні сағат 12 де бастапқы сұхбаттасу түрінде өтті. 1-орын алған Аққағаз Мәдиан және Кривченко Константин ҚазГЗУ колледжінің арнайы 1 жылдық оқу грантына ие болса, 2 - орынға ие болған төрт оқушы Ситко Алена, Ибрагим Кенже, Суюнов Кажымухан. Калжанов Айдос 50 % жеңілдік, 3- орын алған төрт оқушы Жумагалиева Жанна, Леонтьев Даниил, Иманкул Алима, Искалиев Руслан оқу ақысының 30 % жеңілдігіне ие боды. Өз білімдерін сынауға келген жас өрендер колледж ұжымына рахметтерін айтып, біздің оқу орнына түсуге өз ниеттерін білдірді.