Учебно-методическая деятельность  
Информация для студентов
 
 Cпециальности  
Абитуриентам
 

Отзывы
Фото выпускников Фотогалерея  
Обратная связь
 

Бойына білім нәрін, біліктілік дәнін жиған жас мамандарға арналған сайыс бастау алды. Жоғары кәсіптік рейтингісі бар талантты педагогтарды анықтауды мақсат еткен бұл сайыста тек шын жүйрікті анықтайтын болады. «Жас маман – 2016» байқауының алғашқы сайыстары да болып өтті.

 

Өз өмірбаяндарын бейнеролик арқылы сайыстың бірінші бөлімінде көрсетсе, екінші кезеңінде тың идеяларды ортаға салатын «Педагогикалық идеялар аукционы» өтті. Сонымен қатар ұстаздық қызметке жаңадан келген жас мамандар алған білімдерінен түйгендерін орынды пайдаланып, «Шебер класс» бөлімінде пән бойынша ашық сабақтар берді. Жан-жақты білімді, өз істерінің білгірі болғысы келетін жас ұстаздарға кезекті сынақтардан сүрінбей өтуіне тілекшіміз.